vestnik.korkyt.kz
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАУҒА ҰСЫНАТЫН ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ
Соңғы шығарылымдар
МҰРАҒАТ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ 1999 ЖЫЛДАН БЕРІ «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ», «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР», «БІЛІМ, ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» СЕРИЯЛАРЫ БОЙЫНША ХАБАРШЫ ЖУРНАЛЫН ШЫҒАРЫП КЕЛЕДІ. ОСЫ ІЗБЕН 2023 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖУРНАЛ «АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ», «PHILOLOGICAL SCIENCES JOURNAL», «МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ», «ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» СЕРИЯСЫ, «ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР», «BIOLOGICAL SCIENCES JOURNAL», «CHEMISTRY AND CHEMICAL TECHNOLOGY JOURNAL», «ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ СЕРИЯСЫ» БОЙЫНША 8 БАҒЫТТА ЖЕКЕ-ЖЕКЕ ЖУРНАЛ БОЛЫП ШЫҒАДЫ.
Университет жанынан шығатын «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Педагогика және Психология сериясы», «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Экономика ғылымдары сериясы», «Математика, физика және информатиканы оқытудың өзекті мәселелері», Philological Sciences Journal, Техника ғылымдары және технология, Biological Sciences Journal, «Chemistry and Chemical Technology Journal» басылымдары жылына 4 рет басылып шығады және отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері мен ғылыми конференция материалдары, ғылыми-әдістемелік мақалалар, жастардың ғылыми шығармашылығы туралы ақпараттардан тұрады.
Журналдың DOI индексі (префикс) DOI: 10.52081
Журналдың Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде тіркелуі жайлы, жазылу индексі жайлы және ISSN индекстері жайлы ақпарат Қосымшада келтірілген.
Қосымша
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен шығатын журналының редакциялық саясаты:
– Жарияланым этикасына қойылатын талаптар;
– Мақалаларды рецензиялау тәртібі;
Қолжазбаларды рәсімдеу бойынша авторларға арналған нұсқаулық.
Барлық тараптардың (редакторлардың, авторлардың, рецензенттердің) өзара қарым-қатынасы Жарияланымдар этикасына қойылатын талаптарды сақтауға негізделеді.
Журналға жариялау үшін авторлар ұсынған материалдарды қабылдау, тексеру және алдын-ала қарау авторлар үшін міндетті болып табылатын мақалаларды рецензиялау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мақалаларды рецензиялау тәртібіне сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды, авторға материалдарды ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келтіру қажеттілігі туралы хабарланады.
Жарияланған материалдардың сапасын және авторлық құқықты сақтауды қамтамасыз ету үшін мақалаларды қарау тәртібіне сәйкес жасалған барлық материалдар дәйексөз алу үшін тексеруден өтеді және содан кейін ғана қарауға жіберіледі.
Өз мақалаларын аталған бағыттар бойынша жариялау үшін жіберетін мақаланың мета-деректерін (атауы, авторлардың Т.А.Ә. және олардың үлестес орындары, аннотациялар, түйінді сөздер, библиографиялық тізім) журналдың сайтында ашық түрде орналастыруға өз келісімін білдіреді.
Сондай-ақ ұсынылған мақалалар басқа журналдарда жарияланбағанын және басқа журналдарға жарияланбайтынын растайды. Мақалаларда келтірілген нақты материалдар үшін авторлар жауап береді. Жариялауға қабылданған қолжазбалар авторларға қайтарылмайды.
Рецензиялау нәтижелері бойынша теріс баға алған және журнал қабылдамаған материалдар жарияланбайды және авторларға қайтарылмайды. Редакция қабылданбаған материалдарды сақтамайды.
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысы» журналындағы жарияланымдар этикасына қойылатын талаптар
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы» және одан бөлініп 8 бағыт бойынша шығатын журналдарда жарияланымдар этикасына қойылатын талаптар:
Журналда материалдарды жариялауға дайындау процесіне қатысатын барлық тараптар: авторлар, рецензенттер, редакциялық алқа мүшелері Жарияланымдар этикасына қойылатын арнайы талаптарды ұстануы керек (қосымшада берілген).
Журналдың редакция алқасы редакциялау жұмысында беделді халықаралық журналдардың мақалаларды сараптау жөніндегі озық тәжірибелерін ескереді. Ғылыми жарияланымның сапасын арттыруда мақала жариялауда плагиатты пайдалану, нақты емес деректерді пайдалану, негізсіз мәліметтерді келтіру және т.б. келеңсіз жағдайларды болдыртпау немесе алдын алу жөнінде редакция алқасы жұмыс жасайды. Редакция алқасы, сонымен қатар баспа жұмысына қатысатын тұлғалар халықаралық қоғамдастықпен қабылданған этика ережелері мен стандарттарын сақтауы тиіс және осындай әрекеттердің алдын алу үшін барлық орынды іс-шараларды пайдалануы қажет. Редакция алқалары еш уақытта заңнан тыс әрекеттерді (плагиат, манипуляция, бұрмалау) қолдамайтын болады және барлық күшін салып, осындай әрекеттердің алдын алуға тырысады.
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысынан бөлініп шыққан 8 бағыттағы журналдардың редакциясына келіп түскен ғылыми мақалаларды онлайн-рецензиялау тәртібі
Университет жанынан шығатын «Ауылшаруашылығы ғылымдары», «Philological Sciences Journal», «Математика, Физика және Информатиканы оқытудың өзекті мәселелері», «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Педагогика және Психология» сериясы, «Техника ғылымдары және Технологиялар», «Biological Sciences Journal», «Chemistry and Chemical technology Journal», «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Экономика ғылымдары сериясы» журналдарына жарияланатын ғылыми мақалалардың қолжазбаларын онлайн-рецензиялау (сараптамалық бағалау) басылымның жоғары ғылыми-теориялық деңгейін қолдау және аса құнды және өзекті (перспективалы) ғылыми жұмыстарды іріктеу мақсатында жүзеге асырылады.
Онлайн-рецензиялау (сараптамалық бағалау) жауапты редакторлардың, журналдың кезекті нөмірін шығаруға жауапты редактордың нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Ауыл шаруашылығы ғылымдары
PHILOLOGICAL SCIENCES JOURNAL
Математика, физика және информатиканы оқытудың өзекті мәселелері
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Педагогика және психология сериясы
Техника ғылымдары және технология
BIOLOGICAL SCIENCES JOURNAL
CHEMISTRY AND CHEMICAL TECHNOLOGY JOURNAL
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. ЭКОНОМИКА ғылымдары сериясы
ОНЛАЙН ЖҮЙЕДЕ МАҚАЛА ЖІБЕРУ РЕТІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
ОНЛАЙН ЖҮЙЕДЕ МАҚАЛА ЖІБЕРУ РЕТІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Жалпы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Хабаршысынан таралып шыққан 8 бағыттағы журналдарға мақала жіберу үшін, авторлар осы сайтта берілген мәліметтер мен нұсқаулықтардың барлығымен (Авторлар үшін, Жарияланым этикасы, Рецензиялау тәртібі, Редакция алқасы, Ғылымдар сериясы, Құпиялылық саясаты және т.б.) толық танысулары қажет. Арнайы қатарды дұрыс және толық толтырып, «Жіберу» батырмасын басып, онлайн жүйеде мақала жібергеннен кейін экранның төменгі жағында автор(лар) үшін «Хатыңыз қабылданды», «Қаралуда» деген хабарлама шығуы керек. Жіберген мақалаңыз жайлы ақпарат 10-15 жұмыс күнінен соң электронды мекен-жайыңызға хабарлама ретінде барады. Белгіленген уақытта автор(лар) өздерінің ғылыми жұмысының жарияланымға қабылданғаны (талаптарға толық сәйкес келген) немесе қабылданбағаны (толықтырулар мен түзетулер жасау керектігі жөнінде), сондай-ақ рецензенттердің пікірі жайлы мәліметті біле алады.
Мақала жіберуге арналған ғылыми бағыттар:
- Ауыл шаруашылығы ғылымдары;
- Philological Sciences Journal;
- Математика, Физика және Информатиканы оқытудың өзекті мәселелері;
- Biological Sciences Journal;
- Chemistry and Chemical technology Journal;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Педагогика және Психология сериясы;
- Техника ғылымдары және Технологиялар;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы. Экономика ғылымдары сериясы;