Қосымша 

Қолжазбаларды рәсімдеу жөнінде  авторларға

арналған басшылық

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіні Хабаршысы» журналында мақала жариялау үшін автор қол қойған қолжазбанының (басып шығарылған нұсқада) бір данасын немесе электронды нұсқасын және Қорқыт Ата университеті ғылыми еңбектерді сараптау комиссиясы мүшелерінен анықтаманы  редакцияға (мекен-жайы: 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 29а. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, бас ғимарат, каб. 303, тел. 8(7242) 27-60-27 және  khabarshy@korkyt.kz  электронды поштасына Word форматында ұсыну немесе жіберу қажет. Жарияланым тілдері – қазақша, орысша, ағылшынша.

Журналда жариялау үшін жұмыс мәтінін ұсына отырып, автор өзі тура-лы барлық мәліметтердің дұрыстығына, мақалада плагиат пен әдебиеттерді заңсыз алып пайдаланудың басқа түрлері жоқтығына, пайдаланылған барлық мәтін, кестелер, сызбалар, суреттердің тиісті түрде рәсімделуіне кепілдік береді.

Қолжазбада жаратылыстану, техникалық, ауылшаруашылық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы білім берудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері болуы керек. Мақаладағы дәйексөз тізімінде тек рецензияланған әдебиет көздері, DOI индексі бар әдебиеттер болуы тиіс.

Мақала құрылымы мен безендірілуі:

  1. Мақала көлемі 8 беттен аспауы тиіс.
  2. Мақаланы құру схемасы (беті – А4, кітаптық бағдар, туралау – ені бойынша. Сол жақ, үстіңгі және төменгі жақтарындағы ашық жиектері – 2,5 см, оң жағында – 2,0 см. Шрифт: тип – Times New Roman, өлшемі (кегль) — 12);

— МРНТИ индексі – бірінші жолы, жоғарыдан, сол жақта (http://grnti.ru); оң жақта – журналдың doi индексі  (префикс және суффикс)

— мақала атауы – ортасына қалың қаріппен;

— автор(лардың)дың аты-жөндерінің бірінші қарпі мен тегі – ортаға;

— ұйым, қала, елдің толық атауы (егер авторлар түрлі ұйымдарда жұмыс істесе авторлардың тегінің жанына бірдей таңба және тиісті ұйымды қою қажет ) – ортаға, курсив;

— аңдатпа түп нұсқа тілінде (150-300 сөз; мақала құрылымын сақтай отырып), өлшемі (кегль) – 11;

— кілт сөздер – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде (3-5 сөз/сөз тіркестері), өлшемі — (кегль) 11;

— Негізгі мәтін (аралық интервал — 1, «азат жол» — 1,25 см) құрылымы төмендегідей болады:

3.Кіріспе: тақырыптың таңдалуын негіздеу, тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі, объектіні, тақырыпты, мақсаттарды, міндеттерді, әдістерді, тәсілдерді, гипотезалар мен жұмыстың маңыздылығын анықтау;

  1. Әдебиетке шолу: шетел авторларының ағылшын тіліндегі зерттеліп отырған тақырыбы бойынша іргелі және жаңа еңбектер, осы еңбектерді олардың ғылыми үлесі тұрғысынан талдау, сондай-ақ өз мақаласында толықтыратын зерттеудегі олқылықтар қамтылуға тиіс. Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелердің болуына немесе автор өз жетістіктері туралы орынсыз пікірлер, алдыңғы жұмыстарға сілтемелер жасауына тыйым салынады;
  2. Зерттеу материалдары мен әдістері: материалдар мен жұмыс барысы сипаттамасынан, сондай-ақ пайдаланылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы тиіс. Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланған белгіленген рәсімдерді қайталамай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат; материалдар мен әдістерді пайдалану кезінде жаңалықты міндетті түрде енгізе отырып, жабдықты (бағдарламалық жасақтаманы) сәйкестендіру және материалдарды сипаттау қолданылады;

Кестелер, суреттер айтылғаннан кейін орналастырылуы керек. Әр иллюстрациямен жазу (өлшемі (кегль) – 11) болуыкерек. Суреттер анық, таза, сканерленбеген болуы керек.

Мақала мәтінінде сілтемелер бар формулалар ғана нөмірленеді. Жалпыға мәлім аббревиатуралар мен қысқартуларды қоспағанда, барлық аббревиатуралар мен қысқартулар мәтінде бірінші рет қолданылған кезде ашып жазылуы тиіс. Мәтінде сілтемелер тік жақшада көрсетіледі. Сілтемелер мәтінде қатаң түрде нөмірленуі керек. Мәтіндегі әдебиетке бірінші сілтемеде [1], екіншісі — [2] және т. б. нөмірі болуы тиіс. Мақаланың негізгі мәтініндегі кітапқа сілтеме пайдаланылған беттерді (мысалы, [1, 45 бет]) көрсетумен қоса берілуі тиіс. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді. Лицензияланбайтын басылымдарға сілтеме жасауға жол берілмейді.

6.Нәтижелер/талқылау: зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау келтіріледі.

  1. Қорытынды/қорытындылар: осы кезеңдегі жұмысты қорытындылау; автор айтқан ұсынылған тұжырымның ақиқатын растау. Қорытындылар белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін жалпылау үшін, ұсыныстарды немесе одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолданылуы керек. Жұмысты қаржылық қолдау туралы ақпарат бірінші бетте сілтеме түрінде көрсетіледі
  2. Әдебиеттер тізімі (өлшемі (кегль) – 11, пайдаланылған әдебиеттер саны – 15-тен кем болмауы қажет): әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен ұсынылады, тек мәтінде келтірілген жұмыстар. Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі – түпнұсқада, екіншісі – романизацияланған алфавитпен (транслитерация).

Романизацияланған әдебиеттер тізімі келесі түрде көрінуі керек: автор (лар) (транслитерация) → (жақшадағы жыл)→транслитерацияланған нұсқадағы мақала атауы [мақала атауын ағылшын тіліне квадрат жақшамен аудару], орыс тіліндегі дереккөздің атауы (транслитерация немесе ағылшын атауы-бар болса), ағылшын тіліндегі белгілері бар.Мысалы: Chicago Style бойынша:

Gokhberg L., Kuznetsova T. (2011) Strategiya-2020: Novye kontury rossiiskoi innovatsionnoi politiki [Strategy 2020: New Outlines of Innovation Policy]. Foresight-Russia, vol. 5, no 4, pp. 8–30.

ГОСТ бойынша Кохберг Л., Кузнецова Т. Стратегия-2020: Новые контуры российской инновационной политики // Foresight-Russia. – Т. 5, № 4. – С. 8-30.

Қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер тізімін рәсімдеу стилі ГОСТ 7.1-2003 сәйкес: «Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления».

Романизацияланған әдебиеттер тізімін, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарға арналған ағылшын (басқа шет) тіліндегі дереккөздерді безендіру стилі–American Psychological Association (http://www.apastyle.org/), жаратылыстану және техникалық бағыттар үшін-Chicago Style (www.chicagomanualofstyle.org).

  1. Авторлар туралы мәліметтер: (автордың(лардың) аты-жөні, ұйымның толық атауы, қаласы, елі, байланыс деректері: телефоны, эл.пошта, орсид номері) 3 тілде.

 

Адрес университета: 120014, Республика Казахстан, г.Кызылорда, ул.Айтеке би 29а.

НАО «Кызылординский университет им. Коркыт Ата» МОН РК;

Реквизиты: АО Народный банк Казахстана.

РНН 331000037638

БИН 960540000620

ИИК KZ 276017201000000125

БИК НSВКKZKX

КБЕ-16

ҒТАХР 68.01.81                                     https://doi.org/10.52081/bkaku.2021.v56.i1.001 (мысал) 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫЖАҒДАЙЫНДА, КҮРІШТІ КӨШЕТТЕП ЕГУДЕ ГИДРОПОНИКА ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

Бәкірұлы Қ., ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкер

Құрбанбаев А., ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі, аға маман

«Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қызылорда қаласы, Абай көшесі 25б.

Андатпа

Мақалада Қызылода облысы жағдайында күріш дақылын гидропоникалық тәсілмен көшеттеп егудің тиімділігі жөнінде келтірілген…. (150-300 сөз).

Кілт сөздер: күріш, гидропоника..(6-8 сөз).

Негізгі мәтін

Кіріспе 

Зерттеу материалдары мен әдістемесі.

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. 

Кесте, суреттерді рәсімдеу үлгісі

Кесте 1 – Көшеттерді өсіру тәсілдерінің күріш өніміне әсері, 2020 ж.

Тәжірибе нұсқалары

Көшеттер жәнедәндер саны, дана/м2

Өнімділік

ц/га

бакылаумен

салыстырғанда

ц/га

%

Дәстүрлі себу тәсілі (бакылау)

750

45,0

100

Көшетті топырақта өсіру

50

80,0

30,0

160

Көшетті гидропоника қолданып өсіру

50

85,0

35,0

170

 

 

 

Сурет 1 – 2017-2018  жылдардағы өсімдіктіктердің тіршілік кезеңдеріндегі ауа темпера-турасы (ºС) және жауын-шашын мөлшерін (мм) көпжылдықпен салыстырғандағы көрсеткіш

Қорытынды.

 Әдебиеттер

  • О.Н.Карпей.Технология смешанного посева. //Журнал «Наше сельское хозяйство» –2015.– №12, 23-28с.
  •  

References

  • N.Karpej. Tehnologijasmeshannogoposeva. //Zhurnal «Nashesel’skoehozjajstvo» –2015.– №12, 23-28s. [in russian]
  • ….
  • ….. 

ЭФФЕКТИВНОСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ РАССАДНОГО МЕТОДА РИСА С ПРИМЕНЕНИЕМ ГИДРОПОННОГО СПОСОБА В УСЛОВИЯХ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бакирулы К., доктор сельскохозяйственных наук, главный научный сотрудник

Курбанбаев А., магистр сельскохозяйственных наук, старший специалист

ТОО «Казахский научно-исследовательский институт рисоводства им. И. Жахаева», Кызылординская область, г. Кызылорда, ул. Абая 25б.

 

Аннотация…

В статье …

Ключевые слова: рис,…

EFFECTIVENESS OF THE RICE SEEDLING METHOD USING THE HYDROPONIC METHOD IN THE CONDITIONS OF THE KYZYLORDA REGION

Bakiruly K., doctor of agricultural Sciences, chief researcher

Kurbanbayev A., master of agricultural science, senior specialist

Kazakh research Institute of rice production named after I. Zhakhayev LLP, Abay street25B, Kyzylorda region.

Annotation…

Keywords: rice, …

Авторлар туралы ақпарат

Close Menu