Қосымша

Қосымша

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы» журналының редакциялық саясаты:

– Жарияланым этикасына қойылатын талаптар;
– Мақалаларды рецензиялау тәртібі;
– Қолжазбаларды рәсімдеу бойынша авторларға арналған нұсқаулық.
Барлық тараптардың (редакторлардың, авторлардың, рецензенттердің) өзара қарым-қатынасы Жарияланымдар этикасына қойылатын талаптарды сақтауға негізделеді.
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы» журналына жариялау үшін авторлар ұсынған материалдарды қабылдау, тексеру және алдын ала қарау авторлар үшін міндетті болып табылатын мақалаларды рецензиялау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мақалаларды рецензиялау тәртібіне сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды, авторға материалдарды ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келтіру қажеттілігі туралы хабарланады.
Жарияланған материалдардың сапасын және авторлық құқықты сақтауды қамтамасыз ету үшін мақалаларды қарау тәртібіне сәйкес жасалған барлық материалдар дәйексөз алу үшін тексеруден өтеді және содан кейін ғана қарауға жіберіледі.
Өз мақалаларын «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы» журналына жариялау үшін жіберетін мақаланың мета-деректерін (атауы, авторлардың Т.А.Ә. және олардың үлестес орындары, аннотациялар, түйінді сөздер, библиографиялық тізім) журналдың сайтында ашық түрде орналастыруға өз келісімін білдіреді http://korkyt.kz/vestnik, сондай-ақ ұсынылған мақалалар басқа журналдарда жарияланбағанын және басқа журналдарға жарияланбайтынын растайды.
Мақалаларда келтірілген нақты материалдар үшін авторлар жауап береді.
Жариялауға қабылданған қолжазбалар авторларға қайтарылмайды.
Рецензиялау нәтижелері бойынша теріс баға алған және журнал қабылдамаған материалдар жарияланбайды және авторларға қайтарылмайды. Редакция қабылданбаған материалдарды сақтамайды.

Close Menu