Қосымша
1.1. Журнал редакторларының міндеттері: қолжазбаларды тек олардың ғылыми маңыздылығы, ақпаратты дұрыс ұсыну, тұжырымдардың объективтілігі негізінде бағалау, тек ғылыми пікірталасты ынталандыру, сонымен қатар автордың жеке деректерін қорғауды қамтамасыз ету;
авторлар ұсынған материалдарды бағалау кезінде кемсітушілікке жол бермеу.
1.2. Журнал редакторларының құқықтары: рецензенттердің шешімдері мен қорытындыларының жобаларымен танысу; жариялау үшін қабылданған жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
2.1. Редакциялық алқа мүшелерінің міндеттері: Жарияланымдар этикасына қойылатын негізгі талаптарды іске асыру бойынша оларға жүктелген тапсырмаларды орындау;
толық құпиялылықты сақтауға және жарияланбаған авторлық ақпаратты автордың жазбаша келісімінсіз өз зерттеулерінде пайдаланбауға міндеттенеді;
ұсынылған қолжазба туралы ақпаратты автордан, рецензенттерден, әлеуетті рецензенттерден, басқа редакциялық кеңесшілерден және қажет болған жағдайда баспагерден басқа ешкімге ашпау;
зерттеулерінде дұрыс емес әрекеттерге жол берілген мақалаларды анықтау және жариялауды болдырмау бойынша ақылға қонымды шаралар қолдану, мұндай келеңсіздіктерді көтермелемеу немесе мұндай келеңсіздіктерге саналы түрде жол бермеу;
қажет болған жағдайда түзетулер, түсініктемелер, теріске шығару және кешірім сұрауға дайын болу.
2.2. Редакциялық алқа мүшелерінің құқықтары: журналға жариялау үшін ұсынылған мақалалар мен басқа материалдарды рецензиялауға әр түрлі саладағы сарапшыларды белгіленген тәртіппен қатысуға тарту. жұмыс істеу үшін қажетті мәліметтерді журнал редакциясынан белгіленген тәртіппен алу.
3.1. Рецензенттердің міндеттері: бас редакторға жариялау туралы тиісті шешім қабылдауға және авторлармен тиісті өзара әрекеттесу арқылы авторға жұмыс сапасын арттыруға көмектесу;
жауапты редакторлармен келісілген қарау мерзімдерін сақтау;
қарау үшін алынған кез-келген материалды құпия құжат ретінде қарастыру, оның мазмұнын ашпау және жауапты редакторлардан басқа тұлғалармен талқыламау;
рецензиялауға берілген материалдарға объективті баға беру. Рецензенттер өз пікірлерін нақты және дәлелді түрде білдіруі керек.
3.2. Рецензенттердің құқықтары: жауапты редакторларды хабардар ету және қолжазбада ұсынылған зерттеуді рецензиялау үшін өзінің қабілетсіздігін сезінетін немесе қолжазбаны тез арада қарау мүмкін емес деп санайтын рецензиялау процесіне қатыспау.
4.1. Авторлардың міндеттері: бірегей зерттеу бойынша жасалған жұмыстың нақты нәтижелерін ұсыну және оның маңыздылығын объективті талқылауды қамтамасыз ету. Мақалада жұмыстың тексерілуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мәліметтер болуы керек;
бір зерттеу аясындағы материалды түпнұсқа басылым ретінде бірнеше журналда жарияламау. Бір қолжазбаны бір уақытта бірнеше журналға ұсыну этикаға жат әрекет ретінде қабылданады және жол берілмейді. Автор бұрын жарияланған мақаланы қарауға ұсынбауы тиіс;
жұмысты және/немесе басқа авторлардың дәйексөздерін, библиографиялық сілтемелерді немесе үзінділерді пайдаланған жағдайда, түпнұсқа жұмыстың ұсынылуын қамтамасыз ету қажет. Қабылдау үшін мақалада мәтіннің бірегейлігі кемінде 80% болуы керек. Егер материал элементтері бұрын басқа мақалада, соның ішінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысынан таралған 8 ғылыми бағыттағы журналдарда жарияланған болса, автор бұрынғы жұмысына сілтеме жасауға міндетті. Авторларға өзін-өзі сілтемелеу дәрежесін 10% шегінде сақтау ұсынылады. өз еңбектерінде қаржыландыру туралы ақпаратты, сондай-ақ олардың қолжазбаларының нәтижелеріне немесе интерпретациясына әсер еткен үшінші тараптардың мүдделерін ашып көрсету.
4.2. Авторлардың құқығы: егер мемлекеттік, қызметтік немесе коммерциялық құпияға қатысты мәліметтер болмаса, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін баспасөзде жариялау;
*мақаланы рецензиялау нәтижелері туралы ақпаратқа белгіленген тәртіппен қол жеткізу;
*мақаланы кері қайтарып алу.
Журнал нөмірлерін шығаруға қойылатын талаптар:
Журналдың әрбір нөмірінде мақалалар саны 30 мақаладан аспауы тиіс;
Редакциялық алқа мүшелерінің мақалалары әр нөмірде 1 мақаладан аспауы керек;
Журналдың әрбір нөміріндегі бір автордың мақалаларының саны жеке-дара және/немесе бірлесіп жазылған 1 (бір) мақаладан аспауы тиіс.
Журналдың әр нөміріндегі ағылшын тіліндегі мақала саны жалпы мақаланың 30%-нан аз болмауы тиіс;
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары болып табылмайтын қазақстандық авторлардың мақалаларының саны 50%-дан кем болмауы тиіс
Бір ұйым авторларының мақалалар саны журналдың әр нөмірінде 2 (екі) мақаладан аспауы тиіс.